13 Қазан, 2016

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығы  №25

502 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
  2016 жылғы 13 қаңтар, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев): 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығының 1-тармағы 14) тармақшасының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 20 тамызда № 379-383 (26777), Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі. Министр полиция генерал-полковнигі Қ.ҚАСЫМОВ Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына (бұдан әрі – ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары) ауыстыру және қайта қабылдау тәртібін анықтайды. 2. Білім алушыларды ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау кезінде алдыңғы академиялық кезеңде оқыған жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтар анықталады. 3. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты ІІМ әскери, арнаулы оқу орындары транскриптте немесе білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтамада көрсетілген зерделенген пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындайды. 4. Жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін ағымдағы академиялық кезеңде білім алушы пәндерді жеке кесте бойынша дербес зерделейді, бақылаудың барлық түрлерін тапсырады және қорытынды бақылауға рұқсат алады. 5. Оқу пәнін басқа оқу пәнімен немесе мазмұны бойынша аралас оқу пәндері блогімен пререквезиттеу ретінде анықталған сынақты олар пәндердің мазмұны мен көлеміне сәйкес болған жағдайда қайта тапсыруға рұқсат етіледі. 6. Меңгерілген кредиттерді (сағаттарды) қайта тапсыру, сондай-ақ оқу курсы білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, білімін, дағдылары мен құзыретін, сондай-ақ оқу нәтижелерін салыстыру негізінде белгіленеді. 7. Белгіленген уақытта жұмыс оқу жоспарлары пәндеріндегі жойылмаған академиялық айырмашылық, одан әрі академиялық қарыз болып есептеледі. Пән бойынша академиялық айырмашылықты жою кезінде қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, қайта тапсыруға жол берілмейді, ал білім алушылар ІІМ әскери, арнаулы оқу орнынан академиялық үлгермегені үшін оқудан шығарылады. 8. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарының бос қабылдау орындары туралы ақпарат олардың интернет-ресурсында жарияланады. 2. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру тәртібі Параграф 1. ІІМ арнаулы оқу орындарына ауыстыруды ұйымдастыру 9. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына курстан курсқа, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, басқа жоғары оқу орындарынан (бұдан әрі - ЖОО) ауыстыру жүзеге асырылады. Білім алушыларды бір ІІМ арнаулы оқу орындарынан екінші ІІМ арнаулы оқу орнына, ІІМ арнаулы оқу орындарының келісіміне сәйкес бос қабылдау орны болған жағдайда жүзеге асырылады. 10. Білім алушыларды ЖОО-дан ІІМ арнаулы оқу орындарының бос қабылдау орындарына ауыстыру конкурстық негізде каникул кезеңінде оқу жылының нәтижелерін және ІІМ арнаулы оқу орындарында осы курста белгіленген ауыстыру балынан төмен болмайтын үлгерімнің орташа балын ескере отырып, жазғы емтихандық сессияның (аралық аттестаттау) қорытындысы бойынша тиісті курста бос қабылдау орындары болған жағдайда жүзеге асырылады. 11. ЖОО-дан ІІМ арнаулы оқу орындарына ауысуға ниет білдірген кандидат ІІМ арнаулы оқу орны бастығының атына еркін нысанда ауысу туралы өтініш береді. Ауысу туралы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) ІІМ арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің көшірмесін және бұрынғы оқу орнынан басшының қолы мен мөрі қойылған жазбаша келісім; 2) оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеушінің қолы қойылған және мөр басылған транскрипінің көшірмесі; 3) ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеуді (бұдан әрі – КТ) тапсырғаны туралы сертификат; 4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 5) білім беру гранты иесінің куәлігі (егер болса). 12. Тиісті курста бос қабылдау орны болған жағдайда үш жұмыс күні ішінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ арнаулы оқу орнына ауыстыру туралы қорытынды шығарады. 13. Қорытындының көшірмесі тұрғылықты жері бойынша аумақтық ішкі істер органының кадр қызметіне (бұдан әрі – ІІО кадр қызметі) жіберіледі. 14. ІІО кадр қызметі: 1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады; 2) оқуға кандидат Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1000 бұйрығымен бекітілген Ішкі істер органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеу және алдын ала зерделеуді жүзеге асыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12555 болып тіркелген) (бұдан әрі – Іріктеу қағидалар) талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ арнаулы оқу орнына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкерінің дербес деректері бар жеке істерді жүргізу ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жеке істерді жүргізу ережесінің) талаптарына сәйкес ресімделген кандидаттын жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді. 15. ІІМ арнаулы оқу орны жеке істі, қорытындының көшірмесін, транскриптіні, жұмыс оқу жоспарын, ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификатты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне (бұдан әрі - ІІМ) кандидатты ІІМ-нің арнаулы оқу орнына ауыстыру мәселесін келісу үшін жолдайды. 16. ІІМ арнаулы оқу орындары ұсынған ауысу туралы материалдарды ІІМ комиссиясы жылына бір рет қарайды. ІІМ комиссиясы материалдарды қарау нәтижесі бойынша білім алушыны ІІМ арнаулы оқу орнына ауыстыру немесе ауыстырудан бас тарту туралы шешім шығарады. 17. ІІМ шешімінің негізінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылданады. 18. ІІМ арнаулы оқу орнының бастығы оқуға кандидатты ІІМ арнаулы оқу орнының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оқуға кандидат бұрын оқыған ЖОО-ға оның оқу ісін жіберу туралы жазбаша сұрау салу жібереді. Сұрау салуға оқуға кандидатты білім алушылар қатарына қабылдау туралы ІІМ арнаулы оқу орны бастығы бұйрығының көшірмесі қоса беріледі. 2-Параграф. ІІМ әскери оқу орындарына ауыстыруды ұйымдастыру 19. Білім алушыларды ІІМ әскери оқу орындарына курстан курсқа, бір оқыту нысанынан екіншісіне, бір тілдік бөлімшеден екіншісіне, бір мамандықтан екіншісіне, ІІМ әскери оқу орнының біреуінен екіншісіне ауыстыру жүзеге асырылады. 20. Шетел оқу орнында (бұдан әрі - шетелдік ЖОО) білім алушыны ауыстырған жағдайда оқу бағдарламаларын игергені туралы құжат (академиялық анықтама, транскрипт) ұсынылады. 21. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 5135 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тану қағидалары) белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасында нострификация рәсімін өтетін білімнің алдыңғы деңгейін бітіргені туралы құжаттар ұсынылады. Қазақстан Республикасында жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білім алған адамдар шетелдік жоғары оқу орындарынан ауысу кезінде сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесінде (бұдан әрі - Беру ережесі) белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификатын ұсынады. ҰБТ және КТ бойынша өту балын жинамаған немесе қатыспаған адамдар ауыстыру туралы бұйрық шыққанға дейін КТ тапсырады. 3. ІІМ әскери, арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі 1-Параграф. ІІМ арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі 22. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау ЖОО-да білім алғандар қатарынан жүзеге асырылады. 23. Білім алушыларды ІІМ арнаулы оқу орындарына қайта қабылдау жазғы немесе қысқы каникул кезеніңде жүзеге асырылады. 24. Білім алушыларды қайта қабылдау аумақтық ішкі істер органы басшысының қолдаухаты негізінде ІІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен жүргізіледі. 25. ІІМ арнаулы орындарына қайта қабылдау үшін азаматтар ІІМ арнаулы оқу орны бастығының атына қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді. 26. ІІМ арнаулы оқу орны бұрын оқыған орны бойынша білім алушының білім алу бағдарламаларын меңгергені (академиялық анықтама, транскрипт), сондай-ақ алдыңғы білім беру деңгейін бітіргені туралы құжаттарды ұсыну туралы сұрау салу жібереді. 27. Тиісті курста бос қабылдау орны болған жағдайда ІІМ арнаулы оқу орны бастығының орынбасары үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ІІМ арнаулы оқу орнына қайта қабылдау туралы қорытынды шығарады және бекітеді. 28. Қорытындының көшірмесі аумақтық ішкі істер органының кадр қызметіне (бұдан әрі – ІІО кадр қызметі) жіберіледі. 29. ІІО кадр қызметі: 1) оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады; 2) оқуға кандидат Іріктеу қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда кадр қызметі ІІМ арнаулы оқу орнына Жеке істерді жүргізу ережесінің талаптарына сәйкес ресімделген жеке ісін және оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру кепілдемесі бар қолдаухатты жібереді. 30. Тиісті курсата бос қабылдау орындары болған жағдайда ІМ арнаулы оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат білім алушылар қатарына қабылданады. 31. Бұйрықтың көшірмесі ІІО кадр қызметіне жолданады. 2-Параграф. ІІМ әскери оқу орындарына қайта қабылдау тәртібі 32. Білім алушыларды ІІМ әскери оқу орындарына оқуға қайта қабылдау ЖОО-да білім алушылар қатарынан Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының келісімі бойынша әскери оқу орны бастығының бұйрығымен жүзеге асырылады. 33. Білім алушыларды ІІМ әскери оқу орындарына қайта қабылдау жазғы немесе қысқы каникул кезеңінде жүзеге асырылады. 34. ІІМ әскри оқу орындарына қайта қабылдау үшін азаматтар ІІМ әскери оқу орны бастығының атына қайта қабылдау туралы еркін нысанда өтініш береді. 35. Тиісті курста бос қабылдау орындары болған жағдайда он жұмыс күні ішінде ІІМ әскери оқу орнының бастығы ІІМ әскери оқу орнына кандидатты оқуға қайта қабылдау туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды шығарады және бекітеді. 36. Қорытындының көшірмесі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысына келісу үшін жолданады. 37. Мәселе оң шешілген жағдайда әскери оқу орнының кадр органы оқуға кандидатты алдын ала зерделеуді ұйымдастырады және жеке ісін қалыптастырады. 38. Бос қабылдау орындары болған жағдайда ІІМ әскери оқу орны бастығының бұйрығымен оқуға кандидат білім алушылар қатарына қабылданады. 39. Шетелдік ЖОО-да білім алушыны қайта қабылдау кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт). Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білімді шетелде алған адамдарды шетелдік ЖОО-дан қайта қабылдау кезінде Тану қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өткен білім алуды аяқтағаны туралы құжат ұсынылады. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік білімді Қазақстан Республикасында алған адамдарды шетелдік ЖОО-дан қайта қабылдау кезінде Білім грантын беру ережесінде белгіленген өту балынан төмен емес балы бар ҰБТ немесе КТ сертификатын ұсынады. ҰБТ және КТ бойынша өту балын жинамаған немесе қатыспаған адамдар қайта қабылдау туралы бұйрық шыққанға дейін КТ тапсырады. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларына қосымша БЕКІТЕМІН ІІМ әскери оқу орнының бастығы/ ІІМ арнаулы оқу орны бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары ___________________ «___»_____________20____жылғы Қорытынды _________________________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) «_______ -_________________________» мамандығы бойынша жоғары білім беру бағдарламасы бойынша _________ оқу нысаны бойынша келесі курстарға «____________________________» мемлекеттік мекемесіне оқуын одан әрі жалғастыру үшін ауыстыру туралы ___________________________________ ұсынған құжаттар (өтініш, Т.А.Ә. транскрипт) негізінде мынадай академиялық айырмашылық белгіленді: р/с № Пәндердің және оқу жұмысы түрлерінің атауы Барлық сағат Бақылау нысаны Кредиттер (сағат) саны Кандидаттың анықтамасы Оқу жоспары (оқу орнының атауы) Кандидаттың анықтамасы Жалпыға бірдей міндетті компонент 1 Жоғары оқу орнының компоненті 1 Үлгерімнің орташа балы -_______ Қорытынды: Қазақстан Республикасы ІІМ 20____ж. «_____»_______ №___ бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарына ауыстыру және қайта қабылдау қағидағаларының ___ тармағына сәйкес тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) _________ ___________ЖОО атауы___________ «_________ -_________________________» мамандығы бойынша жоғары білім беру бағдарламасы бойынша ____________ факультетінің ___курсына (20___ж. ) оқуға ауыстыру мүмкін (мүмкін емес) деп есептелсін. Академиялық айырмашылық белгіленген мерзімде жойылады. ІІМ жоғары оқу орны факультетінің бастығы___________ Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) Ескертпе: жоғары оқу орнының құрылымында дербес институттар болған жағдайда, қорытынды институт бастығымен келісіледі. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 19 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №13139 болып енгізілді.